«Ән самалы»: Мемлекеттік академиялық филармония дәстүрлі әннен сусындатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елорданың «Астана» концерт залында Мемлекеттік академиялық филармония «Ән самалы» атты XVIII маусымның жабылу концертін өткізді.

Кештің мақсаты - халықтың дәстүрлі музыкалық ән мұрасын насихаттап жүрген өнер иелерінің осы маусымды қорытындылап, сонау Алтайдан Атырауға, Арқадан Жетісуға дейін жеткен қазақтың ән өнерін көрермен назарына ұсыну. 


Ән өнері – халық музыкасының ғасырлық мұрасы. Оның әсері адамзаттың рухани әлемінің баюы мен өзін-өзі қалыптастыруда өте маңызды екені сөзсіз. Әннің әлеуметтік-қоғамдық сипаты және оның тәрбиелік түсінігі шын мәнінде халық санасынан тыс қалған емес.


70-80-жылдардағы шыққан лирикалық дәстүрлі ән бағытында өткен концертте Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Нұрай Танабаев, Телман Нұркенов, Берік Омаров, Күнсұлу Тұрлыбекова, Перизат Тұрарова, Өзгеріс Шерікбай, Алуа Қалымбекова, Жандос Иманбай, Сәулежан Тағзия, Арафат Ысқақов, Айнұр Қонысбаева, Айгерім Нартүеева, Бейбіт Мұсаев, Данияр Мұқан, Айдос Оңғарбай, Жақсыкелді Маясаров, Нұржан Меирхан сынды өнер жұлдыздары және «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. 

Қазақтың дәстүрлі ән өнерінен сусындаған көрермен бір серпіліп қайтты.  


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы