Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігі циклон жырасының әсерінде болғандықтан құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде көбінесе қар түрінде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте желдің екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан жоғары күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан, Кызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Солтүтік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.