Ан-22 ұшағы құлады: жеті адам қаза тапты

Ресейдіӊ Иваново облысында Ан-22 ұшағы жөндеуден кейінгі тексеріс ұшуын орындау кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Ұшақ адам жоқ аумаққа құлады. Экипаждың тағдырын анықтау үшін іздестіру-құтқару тобы апат орнына аттанды, – деп атап өтті министрлік.

Ведомствоның айтуынша, ұшақ апатының барлық мән-жайын анықтау үшін Ресей Әуе-ғарыш күштерінің комиссиясы апат орнына жөнелтілген.

Өз кезегінде Mash Telegram-арнасы бортта болғандардың барлығы – экипаждың бес мүшесі және екі жолаушы қаза тапқанын жазады.

Сонымен қатар, Ан-22 "Антей" Ресей әскеріндегі осы типтегі соңғы жұмыс істеп тұрған ұшақ болғаны, олар 1969 жылдан бері белсенді қолданылғаны.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: unsplash.com
Өзгелердің жаңалығы