Амстердамнан келген студенттерден COVID-19 анықталған жоқ

Алматы, BAQ.KZ. Амстердамнан шыққан 18 жолаушысы бар ұшақ 24 наурыз күні кешкісін Атырауға келіп қонды. 

Атырау облысы өңірлік коммуникациялар орталығының мәліметінше, қазақстандықтар мінген ұшақ 24 наурыз күні сағат 20:30 кезінде Атырауға қонған. Олардың бәрін арнайы жабдықпен қамтылған жатақханаға оқшаулаған.

Келгендердің бәрінен коронавиурсқа қарсы экспресс-тест алынған. Белгілі болғандай, бүгін таңертең ешбір студенттің талдамасынан COVID-19 анықталмаған. Кешке олар карантин аумағынан шығарылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы