ӘМСҚ төрағасы петиция жөнінде пікір білдіруден бас тартты

ePetition.kz сайтында "жүйесін өзгертуді талап етеміз" деген петиция жарияланған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Онда азаматтардың аударымдарына қатысты негізгі 3 өзгеріс ұсынылған. БАҚ өкілдері аталған петициядағы ұсыныстарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовтың пікірін сұрады. Алайда ол пікір білдіруден бас тартты.

Петиция туралы біз қазір ешқандай шешім қабылдай алмаймыз. Ол – қордың құзыретіне кірмейтін мәселе. Петиция 50 мыңнан астам дауыс жинайтын болса, орталық мемлекеттік орган оны жұмысқа алады. Содан кейін жеке жұмыс тобы құрылады. Барлық ақпарат ашық түрде жарияланады. Осы мәселені біраз күту керек, - деді қор басшысы.

Петиция авторлары азаматтардың аударымдарына қатысты төмендегі өзгерістерді ұсынған:

1) азаматтардың бірнеше табыс көзі болса да, тек бір табыс көзінен аударым жасауға мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни, егер адам екі жұмыста жұмыс жасаса, онда петиция авторларының пікірінше, олардың біреуімен ғана шегерім жасау жеткілікті.

Көптеген азаматтар МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтерді алмайды, ал жарналар босқа күйіп кетеді, яғни егер азамат медициналық қызметті белгілі бір айда шартты түрде алмаса, МӘМС жарнасы қайтарылмайды және жинақталмайды. Олар жинақталмағандықтан және қайтарылмағандықтан, есептеулер мен аударымдар үшін екі немесе бірнеше қолдану болмауы керек деп санаймыз, - деп петиция авторлары өз ұстанымдарын негіздеді.

2) Егер дара кәсіпкердің қандай да бір айда табысы болмаса, оны осы айда аударымдар жасау қажеттілігінен босату қажет.

3) МӘМС бойынша жарналарды жинақтауға және оларды (немесе олардың кем дегенде бір бөлігін) жақын туыстарына беруге мүмкіндік болуы тиіс.

МӘМС жүйесіне қоғамдық наразылықты және мемлекеттік аудитпен анықталған миллиардтаған бұзушылықтарды ескеріп, бұл жүйе жоғарыда аталған мәселелерді қарау арқылы ҚР азаматтарының тыныс-тіршілігін жақсарту бөлігінде түбегейлі өзгерістерді талап етеді деп санаймыз, - деп түйіндеді құжат авторлары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Егемен Қазақстан
Өзгелердің жаңалығы