Әмірліктерде Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланды

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы БАӘ Индустрия және озық технологиялар министрінің орынбасары Омар әл-Сувейдимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында екі ел арасындағы өнеркәсіп және озық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Қазақстандық дипломат екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін атап өтіп, Қазақстанның ғылым, технология және өндіріс саласындағы елеулі әлеуетіне және осы салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне назар аударды.

Өз кезегінде, О. әл-Сувейди Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар жемісті және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі дамуына сенім білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы