Әмір Омарханов жұптық сында US Open турнирінің келесі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші, 16 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының 1/8 айналымына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге бастапқы кездесуін түркиялық Карахан Атакан – оңтүстіккореялық Хуйонг Ромен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде түркиялық-оңтүстіккореялық дуэт есе қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Әмірханов – Дерепаско жеңісті жұлып алды – 10:8.

Әмір Омарханов – Тимофей Дерепаско ширек финалға шығу үшін чехиялық Денис Петак – швейцариялық Флинн Томаспен таласады.

Биыл Ә.Омарханов – Т.Дерепаско Ролан Гаррос жарысында жартылай финалға дейін жетіп, онда болашақ чемпиондарға жол берген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы