Әмір Омарханов Кореядағы турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық теннисшілер Ванджу (Оңтүстік Корея) қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J300 турнирінде табысты өнер көрсетті.
Жұптық сында жарыстың бірінші ракеткалары, қазақстандық Әмір Омарханов пен кореялық Хойонг Рох үздік шықты.
Қазақстандық-кореялық жұп финалда корт иелері Йенсу Джейонг - Джангжун Кимді айқын басымдылықпен ұтты - 6:2, 6:2.
Қыздар арасында Мәлика Әмірғалиева тайбэйлік Ю Чен Лимен бірге жұптық сында финалға дейін жетті. Олар соңғы, тартысты бәсекеде кореялықтар Йесунг Чо - Су Джонгқа есе жіберді - 6:1, 5:7, 8:10.
Жекелей сында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш басында тұрған Заңғар Нұрланұлы жартылай финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, кореялық Хойонг Рохқа жол берді - 4:6, 1:6.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда бүгіннен бастап жаңа шектеулер күшіне енеді
Өзгелердің жаңалығы