Әмір Омарханов АҚШ-тағы турнирде чемпион атанды

Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасындағы алғашқы ракеткасы Әмір Омарханов 16 желтоқсанда ITF Juniors J500 Orange Bowl сериясындағы жасөспірімдер турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалда қазақстандық ресейлік Тимотей Дерипаскомен бірге Анри Берно (Швейцария)/Денис Петака жұбын 3:6, 6:1, 10:1 есебімен жеңді.

Orange Bowl жыл сайын Плантейшенде (Флорида, АҚШ) өткізіледі. Бұл турнир – жасөспірімдер арасындағы бейресми әлем чемпионаты. Матчтар жасыл желектегі ашық корттарда өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Өзгелердің жаңалығы