Әмір Омарханов абсолютті чемпион атанды
Қазақ баласы абсолютті чемпион атанды. Грузия астанасы Тбилиси қаласында 18 жасқа дейінгі жастар арасында халықаралық теннис федерациясының турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Байрақты бәсекеде Әмір Омарханов есімді қазақстандық спортшы алдына жан салмай, сала мамандарын тәнті етті. Ол жекелей сында да, жұптық сында да топ жарды.
Әмір жекелей сында барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, финалда әзербайжандық Канан Гасимовпен кездесті. Қорытынды есеп: 6:1, 6.3. Ал жұптық сында болгариялық Иван Найденовпен бірге өнер көрсеткен еді.
Финалда қазақстандық Ілияс Маратұлы және Виталий Зацепин жұбымен жолығып, 6.3, 6:4 есебімен басым түсті.
Осылайша, Әмір Омарханов ITF Juniors додасындағы бесінші титулына қол жеткізді.
Айта кетейік, ол қазір небәрі 15 жаста.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы