Әмина Малғаждар Nickelodeon Kids Choice Awards марапатына ие болды

Әлемдегі ең беделді балаларға арналған ойын-сауық брендінің бірі Nickelodeon жылсайынғы Kids Choice Awards премиясының жеңімпаздарын жариялады,  деп хабарлады BAQ.KZ

Лос-Анджелесте өткен бұл салтанатты рәсім экстремальді трюктер мен иллюзияларға толы болды және рәсім аясында әлемдік жұлдыздар сөз  сөйлеп, Адам Сэндлер мен «Трансформер» фильмінен Оптимус Праймға арнайы марапаттар тапсырылды, сондай-ақ көптен күткен көркем фильмдердің анонстары мен еліктірер тосынсыйлар да қамтылды.    

«Комедия патшасы» арнайы күміс дирижаблі актер, сценарийст, продюсер, комик және музыкант ретінде 30 жыл бойы комедия саласына қосқан зор үлесі үшін Адам Сэндлерге бұйырды. Ол орасан зор тақта отырған күйде марапатын қабыл алып, одан кейін осы салтанатты рәсімнің дәстүріне айналған алып жасыл слаймды алды. Автоботтың ержүрек көшбасшысы Оптимус Праймға өмірлік жетістіктері үшін тағайындалған марапатын "Трансформерлер: Звероботтардың өрлеуі» («Трансформеры: Восхождение Звероботов») атты алда көрсетілетін фантастикалық боевигінің актерлері табыстады.  

«Сүйікті балалар телешоуы» номинациясындағы марапатқа «Сиқырлы қамқоршылар: бұдан да сиқырлырақ» («Волшебные покровители: Еще волшебнее») хикаясына бұйырды, ал «Сүйікті отбасылық телешоу» номинациясында «Уэндсей» хикаясы жеңіске жетті. Оның басты жұлдызы Дженни Ортега отбасылық категорияда сүйікті телеактриса ретінде қызғылт дирижабльға лайық деп танылды. «Губка Боб Шаршы Шалбар» («Губка Боб Квадратные Штаны») сүйікті анимациялы шоу номинациясы бойынша жеңіске жетсе, ал «Соник 2 кинода» («Соник 2 в кино») сүйікті фильм ретінде марапатталды. "Энола Холмс 2" фильміндегі рөлі үшін Милли Бобби Браун сүйікті киноактриса ретінде марапатталды.  Дуэйн Джонсон "Қара Адам" ("Черный Адам") фильміндегі рөлі үшін сүйікті киноактер деп танылды. Музыкалды номинацияларда марапаттар Тейлор Свифт, Гарри Стайлс, BTS тобына және тағы басқаларына да берілді. 

Әлемдік супер жұлдыздармен қатар, Nickelodeon Kids' Choice Awards марапаттарын аймақтық номинацияларда әлемнің түрлі елдерінен қатысқан инфлюенсерлер де алды. Осы жылы аталмыш жүлденің тарихында алғаш рет «Сүйікті қазақстандық инфлюенсер» номинациясында дауыс беру жүргізілді. Жүлдегер ретінде Әмина Малғаждар (Аминка Витаминка) танылды. Ол өз аудиториясы үшін көңілді контент жасайды, онда ол әзілдер мен жақсы көңіл-күймен бөліседі. YouTube желісінде Аминканың жұмысын 5,52 миллион адам бақылайды, ал оның Instagram парақшасында 1,3 миллион оқырманы бар.

Мен үшін бұл марапаттың мәні ерекше, себебі Nickelodeon  арнасы шығармашылығымды дамытуға қанаттандырды. 

Бірде Nickelodeon-ды көріп отырып, анама: «Мені де теледидардан көрсетсе екен» дедім. Дәл осы сөзден кейін ата-анам менің бала күнгі арманымды орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Мені қолдап, дауыс бергендердің барлығына алғыс айтамын, – деген  «Сүйікті қазақстандық инфлюенсер» номинациясының жеңімпазы Әмина Малғаждар өз әсерімен бөлісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Әмина Малғаждардың жеке мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы