Америкалықтардың 39 пайызы ғана Трампты қолдайтындарын айтқан

Америка Құрама Штаттарында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, ел тұрғындарының 39 пайызы ғана Дональд Трамптың президент ретіндегі қызметіне оң баға беріп отыр. Ал 55 пайызы оны қолдамайтындарын айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл — соңғы 80 жылда алғаш рет президент өз қызметінің алғашқы үш айында осындай төмен рейтинг көрсетіп отыр. Бұған дейін ешбір мемлекет басшысы бұл деңгейде сенімнен айырылып көрмеген.

Сонымен қатар, The Wall Street Journal басылымы хабарлағандай, АҚШ пен Украина арасында минералды ресурстар саласында келісім жасалды. Құжат Украинадағы пайдалы қазбаларды бірлесіп игеруді, мұнай мен газ және сирек металдарға инвестиция тартуды көздейді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл келісім соңғы кездері суып кеткен Вашингтон мен Киев арасындағы қарым-қатынасты қайта жандандыруға ықпал еткен. Бұл бағытта Трамп пен Зеленскийдің Ватикандағы жеке жүздесуі маңызды рөл атқарғаны айтылып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы