13 Қазан 2026, 01:29
Фото: Chris Pizzello/ Invision/ AP
Америкалық рэпер Пи Дидди түрмеден шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді
Оқиғаның нақты мән-жайы, рэпердің қалай құлағаны және алған жарақатының қаншалықты ауыр екені әзірге белгісіз.
Пи Дидди есімімен танымал америкалық рэпер Шон Комбс құлағаннан кейін Нью-Джерсидегі федералды түрмеден шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Музыкант басынан жарақат алған болуы мүмкін. Бұл туралы TMZ порталы хабарлады.
Басылымның мәліметінше, оқиға 10 қазан, сенбі күні болған. 56 жастағы рэпер медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жатқызылған. Ауруханаға жеткізілген кезде Комбс есін біліп, сөйлей алған.
Оқиғаның нақты мән-жайы, рэпердің қалай құлағаны және алған жарақатының қаншалықты ауыр екені әзірге белгісіз. Бір тәулікке жетпей музыкант түрмеге қайта оралған.
«Диддидің басынан қалай жарақат алғаны әлі белгісіз. Өздеріңіз білетіндей, соңғы бірнеше аптада оның түрмедегі өмірі оқиғаларға толы болды», - деп жазды TMZ.