Америкалық ең қарт әйел қайтыс болды

Американың ең қарт әйелі Бесси Хендрикс 115 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ New York Post басылымына сілтеме жасап.

Америкалық ең қарт адам 115 жасында қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Хендрикс 1907 жылы 7 қарашада Айова штатында дүниеге келген. Ол 110 жасында Fort Dodge Messenger газетінде берген сұхбатында  ұзақ әрі табысты өмір сүрудің құпиясы «қажырлы еңбек» екенін айтқан болатын.

2022 жылдың қарашасында Бесси Хендрикс өзінің 115 жылдығын өзі тұратын Лейк-Ситидегі қарттар орталығындағы кешпен атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы