Америкалық байқаушы елде өткен науқанға баға берді
Халықаралық салық және инвестициялық орталықтың президенті, АҚШ-тан келген халықаралық байқаушы Дэниел Витт Қазақстандағы кезектен тыс өткен сайлауға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Менің ойымша, кеше Қазақстан халқының демократияға тағы бір қадам басуына мүмкіндік берген тарихи әрі шешуші оқиға болды. Халық өз таңдауын жасады. Біздің бірлескен жұмысымыз 55 сайлау учаскесін аралады. Біз Алматы қаласында, Алматы облысында, Астанада және ол қаладан алыс емес жерлерде болдық. Төрт сайлау учаскесінің қалай жабылғанын және дауыстарды санау басталғанын көрдік. Біз еркін және әділ сайлауды байқадық. Мұны сайлаушылардың өздері де, олармен сұхбаттасқан азаматтар да, таңғы сағат 7-00-ден кешкі 22-00 дейін отырып, процесті бақылаған қазақстандық тәуелсіз бақылаушылар да растайды. Жәнеде олардың 85 пайызы 35 жасқа дейінгі азаматтар екенін айтқым келеді, - деп мәлімдеді шетелдік байқаушы.
Спикердің сөзінше, халық - үмітпен дауыстарын берді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз уәделерін орындап, демократиялық реформаларды жалғастыра алады деп үміттенемін. Сондықтан, қорытындылай келе, күні кеше демократия жолында, демократияға қарай шешуші қадам жасалды деп есептейміз. Біз Қазақстан халқын осындай шешуші қадамымен құттықтағымыз келеді, - деді Халықаралық салық және инвестициялық орталықтың президенті.