25 Қазан 2026, 15:49 Фото: Астана қаласының әкімдігі

Америкалық бапкер Астананың әсемдігіне тәнті болды

Орегон университетінің бапкері Қазақстанға қайта келіп, Алматыны аралағысы келетінін айтты.

АҚШ-тың Орегон штаты университетінің бапкері Брэндон Кейлор Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатына арнайы келіп, Қазақстанға алғаш рет табан тіреді. Ол елордаға қатысты әсерімен бөлісті.

Астананың әсемдігіне тәнті болдым. Қазақстан – осы уақытқа дейін барған елдерімнің ішіндегі ең сүйіктілерінің біріне айналды. Маған мұндағы салқын ауа райы, ұлттық тағамдар мен мәдениет ерекше ұнады. Қаланың тазалығы мен абаттандырылуына да таңғалдым. Бірақ ең бастысы – мұндағы адамдар өте мейірімді, ашық-жарқын әрі қонақжай. Олар шетелден келген қонақтарды жылы қарсы алады. Осы турнирден кейін Қазақстанға тағы келіп, Алматы қаласын аралағым келеді, – деді америкалық бапкер.

Шетелдік маман елорданың әсемдігі мен тазалығын ерекше атап өтіп, қазақ халқының қонақжайлығы өзіне ұмытылмас әсер қалдырғанын жеткізді.

Айта кетейік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты Астанада 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Ауқымды додада әлемнің 135 елінен келген 900-ге жуық спортшы бозкілемге шығады.