АҚШ-та Джордж Флойдпен қоштасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Минниаполистегі жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды. БАҚ Джордж Флойдты соңғы сапарға шығарып салу рәсімін ұлттық қаһарманмен қоштасқанға теңеді,деп хабарлады ru.euronews.com.

Рәсімге көп жұлдыз бен қара нәсілділер құқығын қорғаушылар қатысты. Түнекпен күресу керек. Әділетсіздікке төзбеңдер. Көшеге шығып, наразылықтарыңды білдіріңдер, - деді Флойд жанұясының қорғаушысы Бенджамин Крамп.
Флойдтың денесін келесі аптада жер қойнына тапсырады. Табыт алдымен оның туған жері Солтүстік Королинаға, кейін өмірінің басым бөлігін өткізген Хьюстонге жеткізіледі. 

Америкалық БАҚ Флойдтың мүрдесін зерттеу кезінде оның коронавируспен ауырғаны анықталғанын жазады. Сондай-ақ, қайтыс болғанның ағзасында каннабиноиды, амфетамин және фентанил сынды препараттар табылған. Медицина қызметкерлері ол жан тәсілім еткенге дейін есірткі қабылдағанын жасырмайды. Алайда, өлімге әкелген басты себеп ол емес деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы