Америкалық әскери базаға шабуыл жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирактың солтүстігінде "Балад" әскери-әуе күштерінің базасында америкалық контингент орналасқан. Аталған базаға оқ атылды. Бұл туралы REUTERS хабарлады.

Ирак әскерлерінің айтуынша, жексенбі күні "Катюша" құрылғыларынан сегіз снаряд түскен. Олардың жетеуі ұшу-қону жолағына тиген. Ирактың төрт әскері жарақат алған. Олардың екеуі офицер болған. 

АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі америкалық персонал зардап шекпегенін хабарлады. Кімнің шабуыл жасағаны әлі белгісіз. 

Айта кетсек, 8 қаңтарда Ирак АҚШ-тың әскери базасына қарулы шабуыл жасаған болатын. Иран билігі мұны генерал Касем Сулейманидің өліміне қарсы кек алу деп атады.
АҚШ 3 қаңтарда Ирактағы Иранның әскери колоннасына шабуыл жасады. Салдарынан ирандық генерал мерт болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы