Америкалық ұшақтарға Иран мен Иракта ұшуға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) америкалық әуекомпанияларға Иран, Ирак, сонымен қатар Парсы және Осман шығанақтарының үстінен ұшуға тыйым салды. 

АҚШ азаматтық авиация федералды басқармасы америкалық әуекомпанияларға жолаушылар және жүк тасымалын жасауға тыйым салды. Бұл туралы тиісті құжатты 8 қаңтарда FAA өзінің Twitter аккаунтында жариялады.

Басқарманың хабарлауынша, Таяу Шығыстағы жағдай америкалық азаматтық авиацияға қауіп төндіріп тұр. FAA шешімі Иранның АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына жасалған шабуылынан кейін жарияланды. Қанша уақытқа дейін тыйым салынатыны белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Иран АҚШ нысандарына шабуыл жасаған еді. Сондай-ақ, Иран АҚШ-қа көмектескен елге де шабуыл жасайтынын ескерткен еді. Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ әуе қатынасы туралы келісімге қол қойған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы