"Америка кубогы": Бразилия Аргентинаны жеңіп, финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Америка кубогының финалына шыққан бір команда белгілі болды. Жартылай финалда (1/2) Аргентина құрамасын ұтқан Бразилия финалға жолдама алды. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Белу-Оризонти (Бразилия) қаласындағы "Минейран" стадионында өткен ойында жарыс қожайындары 2:0 есебімен жеңіске жетті. 19 минутта Габриэль Жезус есеп ашты. 71 минутта Роберто Фирмино нәтижені еселеді.

Аргентина құрамасы ерекше ойынымен жанкүйерлерін қуанта алмады. Команда көшбасшысы Лионель Месси алаңда 90 минут ойнап, командасымен жеңіске бастар жолды таппады.

Бразилия құрамасының финалдағы қарсыласы 4 шілде күні анықталады. Чилижәне Перу құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

"Америка кубогының" финалы 7 шілде күні өтеді. Үшінші орын үшін өтетін ойын да осы күнге жоспарланған. Тек ертерек басталып, финалға дейін аяқталып үлгереді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы