America’s Got Talent: Данэлия Төлешова жартылай финалға өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемге әйгілі шоудың ширек финалы жақында ғана тікелей эфирде өтті. 

АҚШ аумағында тұратын көрермендер NBC сайтында дауыс беру арқылы жартылай финалға өтетіндерді таңдай алды. Сондай-ақ, конкурстың бірнеше қатысушысы қазылар алқасынан қосымша балл иемденді. 

Қазір Лос-Анджелесте менімен бірге анам мен ұстазым Наталия Александровна бар. Өнер көрсетер алдында қатты қобалжыдық. Жол жүрер алдын академиялық педагог Гульзат Дауырбаевамен қосымша дайындық жүргізіп, кейіннен шамалы ауырып қалдым. Қуанышыма орай, тез жазылдым. Барлығыңызға қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Қазір қалай қуанып тұрғанымды сөзбен жеткізе алмаймын. Шоу кезіндегі ғажайып атмосфераны сіздерге айтып жеткізу мүмкін емес! Бұл мені шабыттандырып, тағы басқа жобаларды іске асыруға жігерлендіреді. Келесі кезеңге де бұрынғыдай күнде дайындалатын боламын, - деді Данэлия Төлешова.

Ширек финалда жас әнші Harry Styles Sign of the Times әнін орындады. Шоу барысында көрермендермен қоса әділ қазылар алқасы да қазақстандық өнерпазға тұрып, қошемет көрсетті. 

Айта кетейік, шоудың ширек финалы қашан өтетіні және Данэлияның қандай композицияны таңдайтыны әзірге белгісіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы