Жамбылда вирус жұқтырғандардың жағдайы туралы айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 сәуірде Жамбыл облысының аумағында тағы 5 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Олардың екеуі Тараз қаласының 1986 жылғы және Меркі ауданының 1966 жылғы тұрғындары. Екеуі де вахталық әдіспен Атырау облысының Теңіз ауылында жұмыс істейді. Қалған үш адам Тараз қаласында тіркелген, олар облыс орталығының 1963, 1984 және 2014 жылғы тұрғындары. Вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылған. Коронавирус анықталғаннан кейін жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, – делінген хабарламада.Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді. Бұл азаматтармен байланыста болған адамдар карантиндік стационарға оқшауланды.
22.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста жалпы 76 адамның вирусты жұқтырғаны тіркелген. 24 адам стационардан шығарылды, олар дәрігерлердің бақылауымен үй карантині режимін сақтап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кеше ғана тағайындалған Алматының бас дәрігері Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы