Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
ҚР Президентінің тапсырмасы аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар шұғыл шара қабылданды. Өңірлерден пандемия басталғалы бері 14 млрд теңге көлеміндегі сомаға 91 дәрі-дәрмек түрі бойынша қосымша қажеттілік түсті. 22 шілдеден бастап бүкіл ел бойынша инфекциялық және провизорлық орталықтарда қор құрылды. Бірыңғай дистрибьютор 11,4 млрд теңге сомасына 91 түрлі дәрі жөнелтті. Бірыңғай дистрибьютор стационарларда шамамен 60 мың пациентті емдеу үшін 8,2 млрд теңге сомасына 44 сұранысқа ие дәрі-дәрмек сатып алуда. Бұл шара КВИ емдеу үшін дәрі-дәрмектер бойынша резерв құруға мүмкіндік береді, - деді ол.
Министрдің айтуынша, амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілген.
Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтіліп, жыл соңына дейін 1 млн адамды қамтитын Сovid-19 нозологиясы енгізілді. Бұл шара инфекциялық және провизорлық орталықтардың жүктемесін жеңілдетуге, жеңіл нысандарды амбулаториялық деңгейде емдеуге мүмкіндік береді, - деді министр.
Бұған дейін Алексей Цой елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасқанын, алайда, демалыс күндерінде локдаун мен кейбір шектеу шаралары әлі де сақталатынын мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенаттан кеткен депутатқа Нығматулин жаңа жұмыс тауып берді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы