Жаңа көліктердің арқасында «103»-тегі бригада саны 170-ке дейін артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел жәрдемге толыққан жаңа көліктер бригадалар санын, қажет болған жағдайда, күніне 160-170-ке дейін көбейтуге мүмкіндік береді.
Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Сондай-ақ жаңа техника медициналық көмектің сапасын арттырады.
Нұр-Сұлтан қаласының «103» автопаркі заманауи жабдықтармен жабдықталған 14 жедел жәрдем көлігімен толықтырылды. Жыл соңына жетпей біздің автопарк 2,5 есе ұлғайды. Өткен жылы желтоқсанда автопаркте 64 машина болса, қазір енді 165 болды. Көлік кілттерін қала әкімі салтанатты түрде табыс етті. Барлық көлік заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған, олар шақыру және науқасты ауруханаға жеткізгенде де қарқынды терапия жүргізуге мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін кәсіпорынның паркін 35 автокөлікпен толықтыру күтілуде. Бұл кәсіпорынның көлік паркін жаңартуға 100%-ға дейін жетуге мүмкіндік береді, - деді Жедел жәрдем стансасының директоры Мұрат Оразбаев.
Заманауи техникамен жабдықталған жаңа автокөліктердің артықшылығын жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі де атап өтті.
Мысалы, бұрын алдағы орында отырған дәрігер науқастың қасына барам десе, автокөлікті тоқтату керек еді. Ол басқа есіктен кіруі тиіс болатын. Енді салон ішімен өтуге мүмкіндік бар. Өте ыңғайлы. Көліктердің іші кең, бұл жұмыс үшін де өте қолайлы, - дейді жүргізуші.
Пандемия кезінде бригада күніне 3 мың қоңырау шақыртуына щыққан. Яғни, жүктеме 3 есе артты.
КВИ басталғанға дейін емхана қызметін қоса алғанда, шақыртуларға 100-ге жуық бригада шыққан. КВИ өршіген кезде «103»-тің карета саны 140-қа дейін көбейтілді, ал қазір 170-ке дейін ұлғайту жоспарлануда.
Бүгінгі таңда қаладағы «103» стансасында жүктелген функцияларды орындау үшін кадрлар мен материалдық-техникалық ресурстар жеткілікті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Ел аманаты». Сауалнамаға қатысу ерікті түрде жүргізіледі
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы