Амантай қажының әйелді итеріп құлатқан видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Амантай қажы Асылбековтің әйелді итеріп жіберген видеосы тарады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы