Аманияз Ержанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Аманияз Қасымұлы Ержанов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Аманияз Ержанов 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, БЛКЖО жоғары комсомол мектебін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 1982 жылы бас инженер-гидротехник қызметінен бастаған. 

2018-2019 жылдары - ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі. 

2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы