Амангелді Құрметұлы: Ғылымнан гөрі қауесетке сенетін халыққа айналып барамыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі журналист Аменгелді Құрметұлы елдегі қазіргі жағдайға байланысты ой қозғады.
"Айқын" газеті бас редакторының орынбасары халықтың ресми ақпараттан гөрі қауесетке көбірек сенетініне тоқталды.
Қатаң тыйым сала алмаймыз. Мысалға, қатаң тыйым салдым деп халықтың қаншасын соттай аласыз? Екінің бірі қауесет таратады. Әрине, алғаш таратқандарды анықтап, жауапкершілікке тартып жатырмыз. Ондай деректер бар. Ал қатаң тыйым салу үшін, ең бірінші, нақты ақпаратты сіз бен біз – БАҚ өкілдері елден бұрын шынайы ақпаратты беруіміз керек. Барды бар, жоқты жоқ, бізде мынадай мәселелер туындады деп біз бірінші беруіміз керек, – дейді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы