Аманбек Жұмыров Маңғыстаудың медициналық мекемелерін аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров шаһардағы медициналық мекемелердің жұмысымен танысуды жалғастыруда. 

Бұл жолы оған облыстық психикалық денсаулық орталығының жұмысы көрсетілді. Медициналық мекеме психикалық ауытқулары бар жандарға сауығып, қоғамға оралуына көмектеседі.  Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Жеміс Нүсіпова психикалық денсаулық қызметін дамытудың және жетілдіруді жолында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер бар екендігін айтты. 

Наркологиялық блокта жоғары білікті дәрігерлер нашақорлық пен алкогольге тәуелді адамдардың түзу жолға түсуіне көмек қолын созады. Емдеу мекемесінің директоры Жеміс Нүсіпова нашақорларды емдеу процесі кезінде дәрі-дәрмекпен қатар қазіргі психотерапиялық технологиялар кеңінен қолданылатынын, науқасты оңалтудан кейінгі қолдаумен рецидивке қарсы жоғары сапалы емдеу жолдары жолға қойылғанын атап өтті. Оның айтуынша өмір сапасын жақсартуда маңызды компоненттердің бірі адамның әл-ауқатын анықтайтын психикалық денсаулық болып табылады, онда өз әлеуетін іске асыруға, өмірлік күйзелістермен күресуге, өнімді және жемісті жұмыс жасауға мүмкіндіктер бар. Ол үшін мамандар тұрақты түрде біліктілігін арттырып отырады. Бүгінде ең өзекті мәселенің бірі ғимаратты күрделі жөндеу өткізу болып отыр. Осы сұрақты оңтайлы шешу үшін денсаулық сақтау басқармасының араласуын сұрады. Өз кезегінде Аманбек Қабдешұлы ғимаратты жөндеу мәселесі алдағы уақытта басым-бағыттардың бірі болады деп сендірді. Есепте тұрған науқастар контингенті туралы айтатын болсақ, үстіміздегі жылдың 1-ші қыркүйегіне қарағанда 6140 адам психикалық мінез-құлқы бұзылысымен диспансерлік есепте тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы