AMANAT жөнелткен алғашқы гуманитарлық көмек Әулиекөл ауданына жетті

Әулиекөл ауданына қарасты Әулиекөл ауылындағы «Болашақ» стадионында орналасқан гуманитарлық көмекті қабылдау пунктіне «AMANAT»-тың алғашқы гуманитарлық көмегі келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұнда Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккен және эвакуацияланған тұрғындарға азық-түлік пен қажетті заттар таратылып жатыр.

Сын сағатта қостанайлықтарға көмектесу – біздің парызымыз. Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың бастамасымен барлық өңірлік филиалдарда пункттер аштық. Барлық партиялықтар қолдау көрсетті. Соның нәтижесінде 312 тонна гуманитарлық көмек жиналып, біртіндеп осында жеткізіле бастады. Бұл – азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық құралдар, тұрмыстық техника және тағы басқалар, – деді «AMANAT» партиясының Хатшысы Ринат Кертаев.

Атап айтқанда, «AMANAT»-тың Қостанай облыстық филиалындағы партиялықтардың күшімен жиналған 20 тонна көмек жеткізілді.

Сондай-ақ, бүгіннің өзінде Әулиекөл ауылына Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарынан жүк көліктері келеді. «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелерінен құралған волонтерлердің алғашқы тобы зардап шеккендерге көмек көрсету және қалпына келтіру жұмыстарына қатысу үшін Қостанай облысына келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы