AMANAT. Саяси тұғырнаманың түпнұсқасы қазақ тілінде жазылды

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Сүлейменова сөзінде партияның жұмысына тоқталып өтті.

Біз бүгінгі таңда ауыл мен қалалардағы білім сапасының алшақтығын азайтуға байланысты партия үлкен бастамаларды көтеріп отыр. Жалпы, біз еңбексүйгіштікті айтқанда, отансүйгіштікті айтып өткенде, әлемге бәсекеге қабілетті болу үшін білім мәселесін де алға қоюмыз керек. Мұның бәрі партияда көрініс тауып отыр, - деді Мәжіліс депутаты.

Ол партияның жаңа Саяси тұғырнаманың түпнұсқасы алғашқы рет мемлекеттік тілге жазылғанын атап өтті.  

Ең үлкен тұрғырнаманың құндылығы - адам деп көрсетілген. Адам оның құқықтары мен бостандықтары, яғни Amanat партиясы өзінің трансформациясын Қазақстан халқының кедешегімен байланыстырады. Тұғырнама бұған дейін орыс тілінде жазылып, қазақ тіліне аударылатын еді. Бұл жолы алғашқы рет қазақ  тілінде әзірленіп,  ресми тілге аударылды, - деді Сүлейменова.

Осыған дейін Саяси тұғырнаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, AMANAT партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым бұл құжатта партия еліміздің болашағы туралы идеясын айқын көрсетіп, өзінің ниеті мен мақсаттарын белгілегенін айтты. 

Жаңа саяси платформа, бұл – жалпыпартиялық құжат. Платформаны дайындау барысында іс жүзінде әр дауыс пен көзқарас құнды дейтін плюрализм принциптеріне адалдығымызды дәлелдедік. Платформа жобасын кеңінен талқылауды ұйымдастыра алдық. 2022 жылдың сәуірі мен қыркүйегі аралығында барлығы 1000-нан астам бастама мен ұсыныс түсті, 40 мыңнан астам партиялықтың қатысуымен әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Жұмыс тобының мүшелері құжат дайындау барысында зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ партиялықтардың ұсынысы мен талап-тілегін толыққанды ескерді. Жаңа партиялық құжат қоғамның әртүрлі топтарының көзқарасы мен мүддесін көрсетеді,  – деді Мәжіліс депутаты.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы