AMANAT партиясының XXV съезі басталды

Елордада «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Съезде партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, партиялық тізімдер және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды бекіту және сайлауалды бағдарлама талқыланады.

Сөз сөйлейтін спикерлер арасында мемлекет қайраткері, «AMANAT» партиясының мүшесі Асхат Аймағамбетов және «AMANAT» партиясының атынан сайланған V шақырылым депутаты Еділ Жаңбыршин, «Жастар рухы» жастар қанатының белсендісі Ариана Белобжицкая, Түркістан облысы Сарығаш ауданынан мәслихатқа үміткер Жұлдыз Жұманқызы, Алматыдан мәслихаттың VII шақырылымының депутаты Серік Есматов, ақын Алмас Ахметбекұлы бар. 

Сондай-ақ «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов та сөз сөйлейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы