Amanat партиясының өкілі Олжас Сүлеймен сайлауалды додадан шеттетілді

 Amanat партиясының мықты мүшелерінің бірі Олжас Сүлеймен сайлауалды додадан шеттетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы партия өкілі өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Айтуынша, оның агитациялық жұмысынан сайлау заңына сәйкес құқықбұзушылық табылған.

Құрметті достар, өкінішке орай соттың үкімі бойынша менің агитация жұмысымнан сайлау заңына сәйкес құқықбұзушылық табылды деген айыппен мені сайлаудан шектету бойынша шешім қабылданған екен. Естеріңізде болса біз №5 округ тұрғындарымен кездесу мақсатында мобильді штабымызбен өз округімізді аралаған болатынбыз. Белгілі адамдар бұл жұмысты бұрмалап, ішінен заңбұзушылық тапқан екен. Біз сайлаушыларды сатып алу мақсатында емес, Алматы үлкен қала болғандықтан, емін-еркін сөйлесіп, ойларын тыңдайық деген басты мақсат еді. Бүкіл креативтерімізді қосып, қызу жұмысты енді бастап жатыр едік. Өкінішті……., - деп жазды ол.

Сүлеймен саяси науқанның алғашқы күндерінен бастап қолдау көрсеткен барша адамға алғысын білдірді.

Науқанның алғашқы күндерінен бастап қолдау көрсеткен барша достарыма, аға-інілеріме, жақындарыма, қарындастарыма алғысым шексіз. Осы науқан арқасында айналамда өте жақсы адамдар көп екеніне көзім жетті, осыған аллаға шүкір етемін. Сенген барша адамдарға (командама, достарыма) тағыда алғыс айтамын. Науқансызда, мандатсызда жұмысымызды ары қарай жалғастыратын боламыз. Осы додаға түсіп жатқан барша үміткерлерге сәттілік тілеймін!, - деп түйіндеді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы