AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV отырысы басталды

AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Іс-шараға еліміздің бүкіл аймағынан делегаттар жұмылдырылады.

Съез жұмысына саяси кеңес мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мемлекеттік органдардың басшылары сарапшылар және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері  қатысып отыр. Бүгінгі Съезге жалпы 1200 партияластар, оның 700-і еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегаттар қатысуда. Олардың 683-і отырысқа қатысып отыр, - деді AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов.

Бұған дейін орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алған болатын. Барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы партиялықтар AMANAT-тың басты саяси іс-шарасына қатысу үшін өз өңірлерінің атынан өкілдік ететін 700 делегатты сайлады. Сондай-ақ аманаттықтар партияның жаңа Саяси тұғырнамасының жобасын талқыға салды.

AMANAT партиясының және ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі реформалардың басты мақсаты әділеттілік, теңдік, бірлік принциптерін орнықтыру екенін баса айтты.

Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!, - деді Ерлан Қошанов.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы