«AMANAT» партиясының кезектен тыс съезінің өтетін күні белгілі болды
«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезінің өтетін күні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Съезд 7 ақпанда Астана қаласында өтеді, - делінген хабарламада.
Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның Орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
31 қаңтарға валюта бағамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы