«AMANAT» партиясы терең реформация кезеңін бастады!

«AMANAT» төрағасы Ерлан Қошанов партияның жаңа Саяси тұғырнамасын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді. Партия құжат жобасын қоғамлық талқылауға шығарады. Осыған орай депутат Ерлан Саиров өз ой-пікірін білдірді.

Жиналыста басқа партияластармен мен де «AMANAT»-тың бүгінгі заман талаптарына сай трансформациялану мәселесіне қатысты өзімнің ойымды білдірдім.

1. «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси модернизация бағытын творчестволық түрде дамыта отырып, Әділетті Қазақстанның мән-мағынасы мен философиясын қалыптастыру үстінде.

2. Партияның ең басты міндеті нақты адамдардың мұң-мүддесін іс жүзіне асыру. «Барлығы адам үшін, адамның игілігі үшін» деген принцип ең басты аспект болуы шарт!

3. Партия қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, халқымыздың рухани әлемін сақтау үшін фундамент жасауы керек.

4. Деолигархизация. Халқымыздың материалдық құндылықтарын әділетсіз түрде иеленіп алып, «түйені түгінмен жұтқан», заңды белшесінен бұзған  олигархтар банк, завод, фабрикаларды мемлекетке қайтаруы тиіс.

5. Шетке заңсыз кеткен капитал толық қайтуы керек.

6. Жастарға саяси, әлеуметтік лифт жасау партияның ең негізгі борышы! 

Саясатқа аудан, облыс, республика деңгейінде аймақтардан жастарды тарту маңызды.

7. Біздің ең басты құндылық – Қазақстанның Тәуелсіздігі! Тәуелсіздік идеясы аясында барлық саяси күштер топтаса білуі қажет!

8. Демократия, плюрализм қажет. 

Дегенмен, бұл саяси құндылықтар Тәуелсіздікті арттырудың инструменті болуы тиіс. 

«AMANAT» партиясы терең реформация кезеңіне енді. 

Патриотизм. Прагматизм. Ұлттық құндылықтар. Теңдік. Әділеттілік. 

Партияның басты құндылықтары!

Біз Біргеміз! – деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы