«AMANAT» партиясы съезінің күн тәртібі бекітілді
«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев партияның кезектен тыс XXV съезінде сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Партиямыздың съезі жаңа форматта өтіп жатыр. Съездің шешімі тек делегаттардың қол көтеріп, ашық дауыс беруі арқылы ұсынылады, - деді ол.
Дауыс беру арқылы съездің күн тәртібі бекітілді.
Кезектен тыс XXV Съездің күн тәртібі:
1. Партия Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.
2. Партиялық тізімдер және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды бекіту туралы.
3. Партияның сайлауалды бағдарламасы туралы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғиният елдегі ДДҰ-ның тұрақты өкілімен кездесті
Өзгелердің жаңалығы