AMANAT партиясы президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

AMANAT партиясы Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауқымды өзгерістер өзіннің заңды жалғасын табуы тиіс. Мемлекет алдына тұрған ұлы мақсаттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан Президенттік үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын. Съез делегаттары бірауздан қолдайды сенемін. Алдағы 20 қараша еліміздің саяси өмірінде тарихи оқиға болары анық . Дәл сол күні Қазақстан халқы өз таңдауын жасайды. Бұл сайлау Әділетті Қазақстанның бағыт бағдарын айқындайды, - деп мәлімдеді AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, партияның жаңа саяси платформасының қабылдануына орай, партияның 2030 жылға дейінгі саяси платформасы мен бағдарламасын күшін жою ұсынылып отыр, – деді партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов. 

Осыдан кейін съезд делегаттары ұсыныстарды қолдап дауыс берді.
 

Бүгін барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы партиялықтар AMANAT-тың басты саяси іс-шарасына жиналды. Съезге жалпы 1200 делегат қатысып отыр. Оның 700-і – еліміздің түкпір-түкпірінен келген партия мүшелері.

Еске салайық, биылғы 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы