Бүгiн 2026, 13:16 Фото: ©BAQ.KZ/Арман Мухатов

AMANAT «ӘДІЛЕТКЕ» қосылды

Съез делегаттары AMANAT партиясының «ӘДІЛЕТКЕ» қосылуын бірауыздан қолдады

«ӘДІЛЕТ» партиясының II съезінде күн тәртібіндегі үшінші мәселе – AMANAT партиясының «Әділет» партиясына қосылуы бойынша шешім қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Есеп комиссиясының мәліметінше, ұсынылған шешімді съезд делегаттары бірауыздан қолдап дауыс берген. Қарсы дауыс бергендер мен қалыс қалғандар болған жоқ.

Шешім қабылданды. AMANAT саяси партиясы «ӘДІЛЕТ» партиясына қосылды. Бұл – еліміздің саяси өміріндегі тарихи сәт, – деп жарияланды съезд барысында.

Осылайша, съезге қатысушы 613 делегат бірауыздан қолдап, екі саяси ұйымның бірігу процесі ресми түрде мақұлданды.