Бүгiн 2026, 18:00 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

AMANAT, «Әділет» және жаңа саяси кезең: алдағы сайлаудан не күтеміз? 

Қазақстан партияларының мүмкіндігі талданды.

Осы апта елімізде билік партиясы AMANAT пен жаңадан тіркелген «Әділет» партияларының съезі өтпек. Бұл жиындар алдағы саяси науқанның бағытын айқындауы мүмкін.

Съездерде қандай мәселелер қаралады? Барлық күн тәртібі сайлауға арналуы мүмкін бе? AMANAT пен «Әділет» партияларының бірігуі рас па? Егер қос партия біріксе, бұл алдағы сайлауға қалай әсер етеді?

Сондай-ақ қазіргі депутаттық құрам қаншалықты жаңаруы мүмкін? «Ақ жол», «Ауыл», Respublica, ҚХП, ЖСДП және «Байтақ» партияларының саяси мүмкіндігі қандай? Жаңа Құрылтай қазіргі Мәжілістен несімен ерекшеленеді?

Осы және өзге де маңызды сұрақтарды сарапшы Риззат Тасыммен талқылаймыз.