Аман Мамбеталиев: Рақымшылық – кешірім емес, екінші мүмкіндік

Мемлекет басшысы «Рақымшылық жасау» туралы заңға қол қойған болатын. Осы тұрғыда саясаттанушы Аман Мамбеталиев өз ойың айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Қаңтар оқиғасындағы материалдың барлығы әлі дерлік толық зерттелмеді. Сондай-ақ жазаланушылардың ішінде бүлікшілер ғана емес, бейбіт тұрғындар мен араңдатушылардың құрбаны болғандар да бар. Араға жыл салып мемлекет рақымшылық жасау туралы заңды қабылдап отыр. Бұл жоғары деңгейдегі іс-әрекет болып отыр. Әрине, кез-келген адам қателік жасайды. Араңдатушылардың құрбаны болып, қиын жағдайда қалып кеткен айыпталушыларға рақымшылық жасауды дұрыс шешім деп ойлаймын, – дейді саясаттанушы.

Сонымен қатар бұл мәселе әлі де зерттеуді қажет етеді дейді саясаттанушы.

 Мемлекет бұл мәселені зерттеуде біраз еңбек еті. Рақымшылық – бұл кешірім емес, екінші мүмкіндік. Осыны ұғу керек. Ең бастысы әрбір азамат бұл рақымшылықтың мәнін, мағынасын, құнын ұғыну керек, – деді саясаттанушы.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қараша күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойған болатын. Және ол тізімге жеңіл, орташа және аса ауыр емес қылмыс жасаған айыпталышулар кіреді. Егер адам сотталған болса, кінәлі болып қалады. Ал тергеу жұмыстары әлі аяқталмаған болса, азамат оған рақымшылық жасау туралы өтінішті жаза алатынын айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы