13 Қараша 2026, 23:27 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Аман Бақытжан Қазақстан қоржынына екінші күмісті салды

Ол финалда қытайлық дзюдошыға есе жіберді.

Қазақстандық дзюдошы Аман Бақытжан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің финалында жеңіліп, күміс медаль иеленді.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ақтық сынында Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қытайлық Тайбэй өкілі Ян Юн Вэймен кездесті. Тартысты белдесуде қарсыласы басым түсті.

Осылайша Аман Бақытжан Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс медальді салды. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келі) күміс жүлдеге ие болған еді.