Амал мерекесіне орай бес метрлік түскиіз тарту етілді

Павлодарлық оқушылар мен ұстаздар Амал мерекесін ерекше нақышта атап өтті. Олар жаймашуақ күні жүздесіп қана қоймай, балаларымен бірге түскиіз тікті, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Мерекеге орай жұртшылыққа ерекше сый жасау бастамасын «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының өкілдері көтерген.

Бұл идея өткен жылы туды. Бір жыл өткен соң жобамызды жүзеге асыруға кірістік. Алдымен түскиізге қажет материалдарды сатып алдық. Киіз паноның жасау үшін 35 метр түрлі-түсті киіз пайдаландық. Пішіні мен стилі, дизайнын бастан аяқ өзіміз ойластырдық. Негізгі мақсатымыз – Көрісу күнінде барша жұртқа көктемгі көңіл-күй сыйлау. Сонымен қатар, оқушыларымызды ұлттық өнерге баулып, әр ою-өрнектің мәнін жеткізу. Түскиіздегі күн мен гүлдер жаңғыру, жаңа өмірдің символы болса, құстар мен жануарлар табиғаттың жаңғыруын бейнелейді, - дейді клуб директоры Гүлнар Исенбаева.

Ұстаздар қауымы түскиізді жасауға бір айлық уақыт жұмсаған. Қолөнер бұйымына ақылдаса келе «Жыл басы» деген атау берілген.

Бүгінгі таңда клуб жанында 16 орталық бар. Декоративті-қолданбалы өнер бағытындағы орталық мамандары жеткіншектерді тоқыма жасау, киіз басу, ұлттық киім тігу, тіпті, сабын қайнатуды үйрене алады. Түскиіз тігілген уақытта балалар түскиіз жасау технологиясын меңгеріп қана қоймай, әр оюдың мағынасын түсінді. Ені үш, ұзындығы 15 метрлік туынды барша жұртқа Әз Наурыз күні орталық жағалауда өтетін мереке кезінде таныстырылмақ.

Айта кетейік, Павлодар халқы Ұлыстың Үлы күнін он күндік концепция шеңберінде атап өтеді. Мерекелік шаралардың басым бөлігі ұлттық құндылықтар мен қазақ дәстүрін насихаттауға бағытталады. Өңірдің қала-аудандарында 250-ге жуық астам киіз үй тігіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы