Алжирде автобус көпірден құлап, 18 адам көз жұмды
Алжирдің Хараш ауданында жолаушылар автобусы қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"РИА Новости" таратқан мәліметке сүйенсек, елдің азаматтық қорғаныс қызметінің мәліметінше, көлік жолдан шығып кетіп, әл-Мухаммадия ауданындағы көпірден өзен арнасына құлаған. Автобус Эль-Хава әл-Джамиль бағытына қарай бара жатқан.
Қайғылы оқиға салдарынан 18 адам қаза тапты, тағы 9 адам жарақат алды. Жарақаттанғандардың екеуінің жағдайы ауыр, олар ауруханаға жеткізілді.
Апат салдарын жоюға 25 жедел жәрдем көлігі, 16 сүңгуір және 4 қайық жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пәкістандағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 330-ға жетті
Өзгелердің жаңалығы