Алжир Францияның отарлық қылмыстарын заң жүзінде айыптауға дайын

Алжир Парламентінің арнайы комиссиясы Францияның отарлық кезеңдегі қылмыстарын криминализациялауға бағытталған заң жобасын әзірлеуді аяқтады. Құжат алдағы уақытта Үкіметке жолданады. Бұл туралы «Известия» басылымына «Бейбітшілік үшін қоғам қозғалысы» партиясы басшысының орынбасары, депутат Ахмад Садук мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комиссия бір жыл жұмыс істеп, заң мәтінін толық дайындады. Енді ол үкіметтің қарауына жіберіліп, қорытындыдан кейін Парламенттің пленарлық отырысына талқылауға қайтарылады, - деді депутат.

Садук заң Парламенттің осы шақырылымы аяқталғанға дейін қабылдануы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат Алжир халқының тарихи әділеттілігін қалпына келтіру үшін қажет.

Франция 2005 жылы өз заңын қабылдап, әріптестерін және бұрынғы серіктестерін дәріптеуден тартынбады. Ал Алжир, керісінше, өз тарихи шындығын заңдастыруда кешігіп келеді. Бұл – саяси конъюнктураға емес, шындық пен халықтың қадір-қасиетіне қатысты мәселе, - деді Садук.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы