АЛЖИР: Әйелдердің ауыр тағдыры
Туристік нысандар мен музейлер әрдайым көңіл көтеру орны бола бермейді. Сондай орындардың бірі саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының АЛЖИР музей-мемориалдық кешені. Біз де осы музейді көру үшін елордадан 40 шақырым жерде орналасқан Ақмол ауылына келдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«АЛЖИР» қазіргі Ақмола облысындағы Ақмол ауылында 1937 жылы Репрессияға ұшырап, жазықсыз азап шеккен әйелдердің лагері.
Кезінде 26-нүкте деп аталған бұл орында саяси қуғын-сүргін құрбандарының әйелдері мен балалары қамалған. Тұтқындардың арасында 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер мен жүкті әйелдер де болған.
Бастапқы кезеңде әйелдерді түрмеге күйеулерімен кездеседі деп алдап алып барған. Жолға шығарда ең әдемі көйлектерін киіп, көптен күткен кездесуге дайындалған олар бірден түрмеге тап болады. Ал абақтыда олар күйеулерінің атылып кеткені жайлы суық хабар естиді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы