Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көрші артық – сарапшы
Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени қарым-қатынас нығайып, Астана мен Бейжіңде қазақ-қытай мәдени орталықтары ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Екі елде ашылатын орталықтардың жұмысы қалай өрбиді. Сарапшыдан пікір сұраған едік. Экономист Ербосын Нұрмұханұлының айтуынша, қандастар арасындағы байланыс артады.
Қазақстан мен Қытай тату көрші ел. «Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық» деген мақал бар. Қытай біздің жақындағы іргелес көршіміз. Қытаймен мәдени қарым-қатынас жасау екі елге де пайдалы. Қытайда біздің 2 млн қандасымыз бар. Олардың тағдыры да біздің Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Біз Қазақстан Қытай қазақтарына барып концерт қоямыз. Қытай қазақтарының өмірімен, өнерімен танысып, айналысамыз. Өзіміздің жалпы Қазақстанның Қытай қазақтарына таныстырудың өзі Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени қарым-қатынастың дұрыс болуының шарты астында жүреді. Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени қарым-қатынас дұрыс болмайтын болса, онда қандастардың арасы алшақтап қалады, - деді ол.
Алпауыт елдермен мәдени байланыста болу ел үшін жасалып жатқан игі іс екенін тілге тиек етті.
Қытай жалпы алпауыт ел. Ол экономикалық жақтан әлемде ең тез дамыған, табысқа жеткен үлкен экономикалық тұлға. Осыншалық деңгейге жеткен Қытай өзінің экономикадағы табысын тіпті әрі қарай гуманитарлық мәдениеттік деңгейге көтеру үшін әрбір елдерде мәдениет орталықтарын ашып жатыр. Белгілі бір ұлтты құрметтеу үшін ақшасы болғаны үшін қадірлі болмайды. Ол өзінің мәдениеті, гуманитарлық байланыстары арқылы құрметке ие бола алады, - деді Ербосын Нұрмұханұлы.