Алыс жолға шықпаңыздар: Төтеншеліктер ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі күн райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

"Қазгидромет" болжамдарына сәйкес ауа райының нашарлауы күтілуде. Яғни қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран, көктайғақ, тұман болады деп болжанған болатын.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

  • Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
  • Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы