Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Continental Logistics" көлік-логистикалық орталығына барды. Президент бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Continental Logistics" көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмыстарымен таныстым. Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қор қалыптасуда. Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі керек. ТЖ кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың "шекті бағасы" сақталуға тиіс, - деп жазды мемлекет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Назарбаева: Жұмыссыз қалғандар назарда болу керек
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы