Ғалымдар әлемдегі ең биік ағашты тапты

Алматы, BAQ.KZ. Ғылыми экспедиция биіктігі 88 метр болатын әлемдегі ең биік талды тапты және ол Гиннестер кітабына енді. Бұл туралы belnovosti.by хабарлады.

Бразилия, АҚШ және Ұлыбритания ғалымдарынан тұратын халықаралық зерттеу тобы Амазон ормандарынан биіктігі 88 метр болатын талды тапқан.

Оның нақты орналасқан жері Гвиан қақпасының маңы, ол жерде биік ағаштар өте көп өседі екен. Ғалымдардың айтуынша, әлемдегі биік ағаштардың 9% осы маңда орналасқан. Мұндай биік ағаштың біреуі өте көп мөлшерде оттегі бөлетін көрінеді. 

Ғалымдар ағаштың неліктен биік болып өскенін анықтамаған, алайда олар жақсы экологиялық жағдай мен өнеркәсіп орындарынан қашықта орналасқандықтан биік болып өсуі мүмкін деген болдам жасауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы