Ғалымдар әлемдегі алтынның көлемін есептеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтынның көп бөлігі 1950 жылдан бері өндірілді. Бағалы металдың жартысына жуығы зергерлік бұйымдарды дайындауға пайдаланылады. Ғалымдар планетамызда қанша алтын өндірілгенін есептеп шықты. Бұл туралы Дүниежүзілік алтын жөніндегі кеңес жазады.

Осы кезге дейін қазып алынған алтындарды ерітсе, қабырғасының ұзындығы 21 метр болатын куб шығады. 

2017 жылдың соңында әлемде өндірілген алтынның көлемі 190 040 тоннаны құрады. Бұл санаққа танымал тарихи жасанды заттар да қосылған.

Ғалымдардың есебіне қарағанда, 1950 жылдан бері жер астынан алтынның үштен екі бөлігі шығарылған. Сонымен қатар, бағалы металдың 47,7% зергерлік бұйымдарға жұмсалатыны белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы